- Барлық ақпарат
Дүние жүзінде шамамен 210 миллион адам қытай тілін үйренуде

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурыз күні Білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің бас директоры Ян Дань әлемнің 90 елі қытай тілін өздерінің ұлттық білім беру жүйелеріне енгізгенін және қытай тілін үйреніп, қолданатын адамдар саны шамамен 210 миллионға жеткенін хабарлады.
Қытай тілінде білім берудің қамтыуын және ықпалын кеңейту үшін Білім министрлігі Ұлттық ақылды білім беру платформасының халықаралық нұсқасында ресми түрде «Қытай тілінде білім беру орталығын» іске қосты. Орталық қызметі төрт бөлімді қамтиды: қытай тілін оқыту, мұғалімдерді дамыту, ресурстық қызметтер және қоғамдастық серіктестері.
Қытай тілін оқыту бөлімі жаңадан бастаушылардан бастап тілді озық деңгейде меңгеруге дейінгі оқу қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары сапалы курстарды кеңінен топтастырды. Минералды өңдеу және электрондық ақпараттық технологиялар сияқты салаларды қамтитын «Қытай тілі+ кәсіптік дағдылар» курсының жаңа сериясы енгізілді. Бұл курстар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын дамытуды нақты қолдауға және шетелдік студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруды жүзеге асыруға арналған.
people.cn © People's Daily Online



