Лунмэнь үңгірлерінен тасқа ойылған Будда жазбалары табылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 сәуір

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 1 сәуір күні Лунмэнь үңгірлерін зерттеу институтынан алған мәліметіне сәйкес, қызметкерлер жақында Лунмэнь үңгірлерінің алты пагода аймағында қорғау және нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде тас бетіне қашалған Тан әулетінің будда жазбаларын тапты. Бұл соңғы жылдары еліміздегі буддалық жазбаларға қатысты маңызды жаңалық еді.

Мәліметтерге сәйкес, жаңадан табылған тасқа ойылған будда жазбалары ұзақ уақыт бойы жартас бетінде жасырынғандықтан, сыртқы әлем байқамаған. Себебі ол жердің жер бедері күрделі, жалама жартасқа орналасқан. Тасқа жазылған жазудың жалпы жағдайы жақсы сақталған. Мәтіннің басым бөлігін тануға болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото