- Барлық ақпарат
Ішкі Моңғолдағы 64,67 миллион гектар жайылым көктемгі тынығу кезеңіне көшті

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 1 сәуірден бастап Қытайдың Ішкі Моңғолындағы 64,67 миллион гектар жайылым біртіндеп 45 күндік көктемгі тынығу кезеңіне кіреді. Бұл экологияны қорғау және шөптің өсуіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Тағы 25,33 млн гектар көгал жыл бойы жайылымнан қорғалады.
Тынығу кезеңінде малшылардың табысының төмендемеуін қамтамасыз ету үшін үкімет субсидиялар төлеп, жем-шөбін жеткізуді қолдайды.

Ішкі Моңғол 2011 жылдан бастап көгалдық экологияны субсидиялау және ынталандыру бағдарламасын тұрақты түрде жүзеге асырып, шектен тыс мал жаю мәселесімен белсенді күресіп келеді.
Мысалы, Ордос қаласында дәстүрлі мал жаю жоғары технологиялық «ақылды жайылыммен» алмастырылуда. Малшылар қойларын жабық қораларда ұстауға көшірді. Мұнда әр қойға электронды құлақ белгісі тағылып, денсаулық деректері бақыланады, ал толық автоматтандырылған азықтандыру және тұрақты температуралы суару жүйесі қойларды ғылыми азықтандыру жағдайымен қамтамасыз етеді.
Көпжылдық жұмыстың нәтижесінде Ішкі Моңғолдағы көгалдың өсімдік жамылғысы айтарлықтай жақсарды.


people.cn © People's Daily Online



