Мыңдаған су құзғыны көл үстінде сап түзеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 сәуір

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем жылынып, көл суы жаймашуақ болған шақта жыл құстары солтүстікке оралуда. Жақында Шаньдун өлкесінің Тайань қаласына қарасты Дунпин ауданы Дунпин көліне мыңдаған жабайы су құзғындары ұшып келді. Көл үстінде олар үлкен сап құрып, судағы жасанды құрылыстарға тізіліп қонды.

Шығыс Азия мен Аустралазия арасындағы жыл құстарының маңызды транзиттік бекеті ретінде Дунпин көлінің табиғи су ортасы мен мол қорек қоры бұл аймақты құстардың сапар жолындағы қолайлы мекеніне айналдырған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото