- Барлық ақпарат
Үрімжі әуежай кедені арқылы өткен жолаушылар саны биыл алғашқы екі айда 50%-дан асты

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі Тяньшань әуежайының кеден қызметінен алынған мәлімет бойынша, биылдың алғашқы екі айында Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежай кедені арқылы өткен жолаушылар ағыны үздіксіз өсіп жатыр. Әуежай торабының белсенділігі арта түсуде. Үрімжі Тяньшань әуежайы кеденінің деректері бойынша, аталған әуежай торабы арқылы барлығы 1225 халықаралық жолаушылар рейсі және 149 мың адам өткен. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 37,33%-ға және 51,27%-ға артқан.
Қазақстандық жолаушы Әмір Шериязов шекарадан өту тәртібіне ризашылығын білдіріп: «Қазір Қытайдың Шыңжаңына келу өте ыңғайлы. Мен саудамен айналысамын, әр жылы бірнеше рет осында келіп-кетіп тұрамын», — деді. Ол: «Шекара өткелінде ақылды құрылғылар көбейді, бірнеше секундта тексеруден өтуге болады. Барлық процесс тиімді әрі оңай», — деп атап өтті.
Қазіргі таңда Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайының халықаралық жолаушылар рейстері Азия мен Еуропаның көптеген аймақтарын қамтиды. Халықаралық рейстердің саны мен ауқымының ұлғаюына байланысты, Үрімжі әуежайы Жібек жолы экономикалық белдеуінің орталық бөлігіндегі маңызды әуе көлігі торабы ретінде, рөлін одан әрі күшейтіп келеді. «Әуе Жібек жолы» желісінің тарамы молайып, жаңа дәуірдегі «әуе Жібек жолын» құруға берік қолдау көрсетіп, Шыңжаңның елдің сыртқа ашықтығына тереңірек үйлесуіне ықпал етуде.
people.cn © People's Daily Online



