Сянган әлемдегі тауарлар саудасы бойынша бесінші ірі экономикаға айналды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 сәуір

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2 сәуір күні Сянган арнайы әкімшілік аймағының үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) «Әлемдік сауда болжамы және статистикасы» есебіне сілтеме жасап, Сянган 2025 жылы тауарлар саудасы бойынша әлемдегі бесінші ірі экономика болып, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда екі орынға жоғары көтерілгенін айтты. 2025 жылы Сянганның жалпы тауар саудасы жылдық көрсеткіші 17,5%-ға өсіп, 1 585 миллиард АҚШ долларына жетіп, әлемдік жалпы көлемнің 3%-ын құрады.

Сянган арнайы әкімшілік аймағы үкіметінің сауда және экономикалық даму жөніндегі бюросының директоры Алджернон Яудың айтуынша, ДСҰ есебі соңғы бір жылда геосаясат пен сауда протекционизмінен туындаған түрлі қиындықтарға тап болғанына қарамастан, Сянганның сыртқы саудасы күшті тұрақтылық танытқанын айқын көрсетеді. Қытай материгі, Америка Құрама Штаттары, Германия және Нидерландыдан кейін Сянган қазір әлемде тауарлар саудасы бойынша бесінші орында тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото