Қытай мен Орталық Азия арасындағы екі жақты шекара аттаған туризм қарқынды дамып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 сәуір

3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Өзінің ерекше географиялық артықшылықтарын пайдалана отырып, Шыңжаң Қытайға келетін Орталық Азия туристері үшін басты бағыт және Орталық Азияға саяхаттайтын отандық туристер үшін маңызды бекет саналады. Жақында аяқталған 7-інші Шыңжаң көктемгі туризм көрмесінде Қытайдың Шыңжаңы мен Орталық Азия елдері арасындағы шекар аралық туризм саласындағы ынтымақтастық басты назарда болды.

Шыңжаң Іле Канхуй халықаралық саяхат қызметінің бас менеджері Ма Хунлян Орталық Азия аймағының көлік және қонақ үй сынды инфрақұрылымы соңғы жылдары үздіксіз жақсарып келе жатқанын атап өтті. Қытайлық туристер үшін өткен дәстүрлі атүсті экскурсиялар біртіндеп мамандандырылған қысқа қашықтыққа сапарлар (әдетте 3-5 күн), иммерсивті тәжірибелік турлар және жоғары деңгейлі іскерлік саяхатқа қарай көшуде.

Қытай-Орталық Азия механизмі хатшылығының бас хатшысының орынбасары Әділет Орталық Азия қонақтары үшін «медициналық және сауықтыру туризмі» жаңа маңызды бағытқа айналғанын айтты. Орталық Азиядан келген көптеген турист денсаулықты тексеру және мамандандырылған клиникалық емдеу сияқты кешенді, бір терезелі медициналық қызметтерді алу үшін Шыңжаңға келетін болған.

Статистикалық мәліметтер 2025 жылы Шыңжаң мен Орталық Азия елдері арасындағы шекараара аттаған жолаушылар тасымалы 4,5 миллионнан асып, ал бір миллионнан астам қытайлық турист Қазақстан мен Өзбекстан сияқты бағыттарда саяхаттаған. Сонымен қатар Шыңжаң Орталық Азиядан келген қонақтардың Қытайға кіруінің басты қақпасына айналды.

Шекара порттарындағы кедендік рәсімдеу тиімділігінің артуымен, тікелей халықаралық рейстердің жиілігінің артуымен және болашақта арнайы халықаралық туристік пойыздардың іске қосылуымен Орталық Азия мен Шыңжаң арасындағы адамдардың барыс-келісі барған сайын қолайлы бола түседі.

Көрме барысында шекарааралық операцияларға маманданған көптеген туристік кәсіпорындар іскерлік саяхаттарға, мәдени алмасуға, денсаулық пен демалысқа арналған жекелендірілген туристік өнімдерді әзірлеу туралы талқылауларға қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото