- Барлық ақпарат
Шыңжаң жылқы шаруашылығы қауымдастығы мен Қазақстанның Алматы облысы ресми түрде келісімге қол қойды

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң жылқы шаруашылығы қауымдастығы мен Қазақстанның Алматы облысы ресми түрде келісімге қол қойды. Енді екі тарап жылқы тұқымын тіркеу, жарыс ұйымдастыру, мәдениет пен туризмді біріктіру, салалық өзара байланыс сынды негізгі бағыттар бойынша жан-жақты ынтымақтастық орнатпақ.
Өзара іс-қимыл негізінде екі тарап асыл тұқымды жылқы мен тұқымы сапалы айғырлар ресурстарын алмастыруды жоспарлап отыр. Яғни тұқымдарды толықтыру арқылы екі аймақтағы ат тұқымын жақсарту мен саланы дамытуға үлес қоспақ.
Сондай-ақ, екі тарап өзара сапарласу жоспарын келісті. Қазақстан тарапының шақыруымен Шыңжаң жылқы шаруашылығы қауымдастығы Қазақстанға осы сала шаруашылығының дамуын зерттеуге барады. Биылғы шілдеде Қазақстан делегациясы Шыңжаңға қайта сапарлап, көкпар жарысына қатысып, салалық байланыс келіссөздерін өткізбек.
Соңғы жылдары Қытайдың Шыңжаң өңірі мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық ат жарыстары бойынша алмасулар жиілеп келеді. Былтырғы шілдеде Шыңжаңның Моңғұлкүре ауданында «Жібек жолы·Достық Кубогы» көкпар сайысы сәтті өткізілген болатын. Биылғы наурызда Шыңжаң жылқы шаруашылығы қауымдастығының көкпар командасы Өзбекістанға барып, жарыстық алмасу іс-шараларына қатысты.
people.cn © People's Daily Online



