Қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 сәуір

Фото: KAZINFORM

Қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю ҚР Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Жоғары мемлекеттік награданы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.

«ІІ дәрежелі «Достық» ордені – бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіңіздің жоғары мемлекеттік бағасы. Сіздің еңбегіңіздің арқасында миллиондаған адам Қазақстанды, оның бай мәдени мұрасын, көркем табиғатын және туристік әлеуетін жақынырақ таныды», – деді Аида Балаева.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото