- Барлық ақпарат
Цинхайдағі фотоэлектр панельдерінің астында қой бағу

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин шетелдік әлеуметтік желіде Цинхайдағі «фотоэлектр қойларына» лайк басып, Қытайдың экологиялық даму тарихымен бөлісті.

Цинхайдың Тарат ойпаты бұрын аумағының 98,5 пайызына ештеңе өспейтін шөл дала еді. Ірі фотоэлектр станциясының салынуы арқасында бұл жерде жағдай өзгерді. Фотоэлектр панельдерінің көлеңкесі мен ылғал сақтау әсерінен жабайы шөптер қуалап өсе бастады. Бұл жайт панельдердің бетін жауып, электр өндіруге кедергі келтіріп қана қоймай, өрт қаупін де тудырды. Сонымен қатар шөптерді отаудың қымбаттығы кәсіпорын үшін қиындыққа айналды.

Осы кезде, «қойларды жіберіп, шөпті жегізу керек» деген малшының ұсынысы түседі. Қойларға ыңғайлы болу үшін электр станциясы панельдердің жерден биіктігін 0,5 метрден 1,2 метрге көтеріп, қойларға электронды құлақ белгілерін тағып, сандық басқаруды енгізді.

Бұл жаңашылдық тамаша экологиялық және экономикалық циклды тудырды: фотоэлектр панельдері «күнқағар» қызметін орындады, қойлар табиғи «шөп оратын машинаға» айналды, қойлардың көңі жайылымға «органикалық тыңайтқыш» болды.

Қазір Тарат ойпатында өсімдік жамылғысы 80 пайызға жетті. Сонымен қатар «фотоэлектр қойлары» табиғи жайылымда өскендіктен, нарықта сұранысқа ие. Бұл жергілікті жерде шөп отау мен жем шығынын миллиондаған юаньға үнемдеп, 6000-нан астам малшы отбасының табысын арттырды.

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды
people.cn © People's Daily Online



