Әлемдік рекорд! Қытайдың теңіз астындағы қалқанды теміржол тоннелі 113 метр тереңдікке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шэньчжэнь мен Цзянмэньді жалғайтын Шэньчжэнь-Цзянмэнь теміржолы – елдің «сегіз тік және сегіз көлденең» жылдам теміржол желісінің жағалау бағытындағы маңызды құрамдас бөлігі. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары шешуші кезеңге енді. Шэньчжэнь-Цзянмэнь теміржолының теңіз астындағы қалқанды теміржол тоннеліндегі отандық ірі диаметрлі қалқанды бұрғылау кешені «Шэньцзян №1» тәулік бойы тоқтамай қазу жұмыстарын жүргізуде. «Шэньцзян №1» 4 шақырымнан астам қашықтықты қазып, 113 метр тереңдікке жетті. Бұл әлемдегі су астындағы теміржол қалқанды тоннельдерін салудағы ең терең көрсеткіш болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото