Шөл далада қарбыз егіліп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемгі қарбалас маусым басталған кезде Нинсяның Чжунвэй қаласына қарасты Сян тауының етегінде орналасқан құрғақ Гоби жазықтарында жүздеген мың сиша қарбызын себу кезеңі басталды.

Сиша қарбызы — жергілікті тұрғындар селенге бай Гоби топырағына құм мен қиыршық тас сеуіп, егіп өсірген ерекше сорт. «Өзі үлкен, жемісі құмды, шырыны мол және жоғары тәттілігімен» танымал бұл қарбыздар Гобидің «жасыл асыл тастары» деген атаққа ие болды. Чжунвэй қаласы биыл осы аймақта 420 000 му сиша қарбызын өсіруді жоспарлап отыр. Қарбыздың бұл сорты жергілікті фермерлердің баю жолына баратын маңызды тірек салаға айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото