Гуйчжоудың Гуйян қаласында жүргізушісіз жүретін микроавтобустар қарқынды жасалуда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2 сәуір күні Гуйчжоу өлкесіндегі Гуйян ұлттық жоғары технологиялық өнеркәсіптік даму аймағында орналасқан интеллектуалды технологиялық кәсіпорынның шеберханасында жүргізушісіз жүретін микроавтобус өндіріс желісі жоғары тиімділікпен жұмыс істеп жатыр. Техниктер мен өндірістік топтар тығыз селбесіп еңбек етіп, тапсырыстардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуге тырысуда.

Мәліметтерге сәйкес, жүргізушісіз көліктер және интеллектуалды өндіріс саласындағы инновациялық кәсіпорын ретінде компанияның өнімдері мен технологиялары қазіргі уақытта ел іші-сыртындағы 30-дан астам ел мен аймаққа жетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото