- Барлық ақпарат
Орталық Азияның зығыр тұқымы тиелген пойыз Иньчуаньға келді
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 30 наурыз күні Орталық Азиядан Нинсяға импортталған зығыр тұқымын тиеген жүк пойызы Иньчуаньға жетті.
Құны 8,5 миллион юаньға бағаланған зығыр тұқымы тиелген пойыз Қазақстандағы Жаңа есіл станциясынан жөнелтілген. Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елге кірген соң, бір аялдамада кедендік рәсімді аяқтап, толығымен стандартталған контейнерлерде тасымалданған жүк тікелей Иньчуаньға жөнелтілді. Бұл өнімдердің келуі Иньчуаньның Қытайдың солтүстік-батысында зығыр тұқымын сақтау, өңдеу және тарату бойынша аймақтық хаб ретіндегі рөлін арттырып, халықаралық логистикаға өз қолдауын көрсетті.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



