- Барлық ақпарат
Шанхайда ШЫҰ елдерінің командалық шахмат чемпионаты ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің 8-інші кезекті командалық шахмат чемпионаты 9 сәуір күні Шанхайда басталды.
Байқауға Қытай, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан сынды ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің командалары қатысуда. Айта кететін жайт, Қытай делегациясы екі командадан, соның ішінде бұрынғы әлем чемпионы Дин Лижэнь және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь сияқты атақты ойыншылардан құралған.
Барлық қатысушы командалар екі топқа бөлініп, айналма жүйе бойынша алдын ала кезеңге өтеді. Әр топтан алғашқы екі орын алған команда жартылай финалға жолдама алады.





(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



