Бірінші тоқсанда ШЫҰ демонстрациялық аймағындағы Қытай-Еуропа пойыздарының келу-жөнелту саны рекордтық деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 сәуір

9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Циндао кеден басқармасы 8 сәуірде хабарлағандай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қытай-ШЫҰ аймақтық экономикалық және сауда ынтымақтастық демонстрациялық аймағында Қытай-Еуропа пойыздарының келу-жөнелту саны 253-ке жетті. Сөйтіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,43 пайызға өсті. Жалпы жүк тасымалы 170 мың тоннадан асты. Қытай-Еуропа пойыздарының келу-жөнелу саны мен жүк тасымалының көлемі осы кезеңдегі тарихи максимумға (өсімге) жетті.

Осы уақытқа дейін ШЫҰ демонстрациялық аймағы 22 халықаралық пойыз бағытын тұрақты іске қосып, 23 ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» елдерінің 54 қаласына жеткізуді жүзеге асырып отыр. Осы жылдың бірінші тоқсанында демонстрациялық аймақ арқылы келіп-кеткен Қытай-Еуропа пойыздары негізінен автомобиль бөлшектері, кондиционерлер, алюминий қорытпалары секілді тауарларды тасымалдады.

ШЫҰ демонстрациялық аймағы көпсалалы біріктірілген көлік торабына сүйеніп, «теңіз-құрлық-әуе-теміржол» төрт портының өзара ықпалдасу артықшылығын пайдалана отырып, импорт-экспорттық логистикалық дәліздердің кедергісіз жұмысын қамтамасыз етеді. Биылғы жылдан бастап демонстрациялық аймақ ШЫҰ халықаралық көлік торабының құрылысын жалғастырып, бесінші TIR халықаралық автокөлік бағытын ашты. Сол сияқты Қытайдағы алғашқы «TIR+кедендік бажсыз» трансшекаралық электронды коммерция импорттық бизнесінің ресми түрде іске асуына түрткі болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото