Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 сәуір

Қазақстанның Алматы қаласында Қазақстан-Қытай Сутегі технологиялары орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZINFORM.

Іс-шараға ҚХР-ның Шанхай мэрі Гун Чжэн,  ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысты.

Орталықтың құрылуы – Қазақстанда іргелі ғылымды, білім мен нақты өндірісті біріктіретін заманауи технологиялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған тікелей қадам.

Shanghai Jiao Tong University,  Energy China International корпорациясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылуы Орталық жұмысының практикалық іргетасы болды. Құжат ауқымды ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға және озық шешімдер трансферіне бағытталған.

Келісім аясында тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуге, сутегі технологияларын сынақтан өткізуге және эксперименталды пилоттық жобаларды іске қосуға уағдаласты. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға және оларды Қазақстан аумағындағы өнеркәсіптік жобаларға біріктіруге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мамандармен белсенді академиялық алмасу көзделген.

Сутегі энергетикасын дамыту – жаһандық энергияға көшудің негізгі элементтерінің бірі. Қазақстан бай ресурс базасы мен жаңартылатын энергия көздері секторының қарқынды өсуі арқасында бұл бағытта айтарлықтай әлеуетке ие. Қытайлық технологиялық көшбасшылармен серіктестік ҚР-ның жаңа энергетикалық нарықтардағы позициясын нығайтып, индустриялық инновациялардың енгізілуін жеделдетеді.

Фотолар KAZINFORM-нан алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото