- Барлық ақпарат
Гуанчжоуда Қытай-Қазақстан буын аурулары бойынша академиялық алмасу және хирургиялық технологиялар бойынша оқу курсы өтті

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 12-15 сәуір аралығында Гуанчжоуда Қытай-Қазақстан буын аурулары бойынша академиялық алмасу және хирургиялық технологиялар халықаралық оқыту курсы өтті. Бұл шара екі елдің ортопедия саласындағы академиялық тәжірибе алмасуына, дәстүрлі қытай медицинасы технологиялары мен аз инвазивті хирургияның Орталық Азияда қолданылуына ықпал етуге бағытталған.
Гуандун өлкелік дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасының сүйек-жарақат орталығының директоры Линь Динкуньның айтуынша, оқыту курсы тек хирургиялық технологиялармен алмасуға ғана емес, сонымен қатар Линьнань дәстүрлі қытай медицинасының емдік әдістері мен қазақ ұлттық медицинасының өзара алмасуы мен бірігуіне де ықпал етеді.
Сондай-ақ, оның мәлімдеуінше, екі тарап «Қытай-Қазақстан сүйек-жарақат ғылыми-зерттеу орталығын» құруға белсенді дайындық үстінде. Әрі биыл іске қосуды жоспарлап отыр.
Аурухананың Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия сияқты елдермен көп жылдық ынтымақтастығы орныққан.
people.cn © People's Daily Online



