Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі нақты 3 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 сәуір

Фото: Kazinform

Қазақстанда биыл алғашқы үш айда құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсімді көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

- Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады. Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика мұнай саласын есепке алмағанда өсіп келеді. Нақты сектордағы өсу 2,1%-ды, көрсетілетін қызметтерде 3,7%-ды құрады. Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсімді көрсетті. Сауда 4,8%-ға, байланыс қызметтері 3,9%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті. Инвестициялар өсімнің драйвері ретінде қалып отыр, - деді А.Әмрин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото