- Барлық ақпарат
2026 жылғы орта мектеп оқушыларына арналған «Қытай тілі көпірі» байқауы Моңғолияда өтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 17 сәуір күні Ұлан-батырда бүкіл әлем бойынша орта мектеп оқушыларына арналған 19-ыншы «Қытай тілі көпірі» байқауының Моңғолиядағы аймақтық финалы өтті.
Байқауды Моңғолиядағы Қытай елшілігінің басқаруымен Моңғолия Ұлттық университетінің Конфуций институты ұйымдастырды. Моңғолиядағы 15 мектептен барлығы 120 орта мектеп оқушысы қатысуға тіркеліп, жазбаша іріктеуден кейін, 8 мектептен 24 қатысушы финалға шықты.
Қиян кескі бәсекеден кейін Хишиг мектебінің оқушысы Булгаитгелмаа(BULGAITGELMAA)қатарынан оза шауып, 2026 жылы Қытайда өтетін орта мектеп оқушыларына арналған «Қытай тілі көпірі» байқауының жалпы финалына қатысуға жолдама алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



