Қытайдың қамырдан жасалған мүсіні Испандық жігітті он сегізіне оралтты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Аньхой өлкесі Ухудың байырғы қаласында испандық жігіт қытайдың материалдық емес мәдени мұрасы — қамырдан жасалған мүсінді көріп, өзінің мүсінін жасатты. Он саусағынан өнер тамған Ван Цзинян испандық жігіт ұсынған фотоға қарап, оның шағын бейнесін жасап шықты. Шебер тапсырыс берушінің мұрнын қырлап, көзін үлкейтіп, жарты сағатқа жетпейтін уақыт ішінде мүсінді дайындады. Испандық жігіт таңырқап, «он сегіз жастағы өзімді көргендей болдым» деп әзілдеді.

Ван Цзинян — Уху қаласының мәдениет және туризмді насихаттаушысы. Ол 40 жылға жуық уақыт бойы қамырдан мүсін жасаумен айналысып келеді. 2025 жылы Ван Цзинян аса шеберлікті талап ететін «Капибара Лулу» мультфильмдегі образды жасағаннан кейін интернетте танымал болды. Тұтынушылар оған фотосуретін көрсетсе, көз ілестірмей соны жасап шығады. Оның әр туындысының үлгісі жоқ болсада, қайталанатын туындылар жасаған емес.

Қамыр мүсін жасауы қарапайым, алайда аса көркем дәстүрлі қытай халық қолөнері. Қытайдағы қамыр мүсін өнері ерте болғанда Хань әулеті кезіндегі жазбалардан кездеседі. Өнер түрі 2008 жылы ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізімдерінің екінші тобына енгізілген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото