139-ыншы Кантон жәрмеңкесінің бірінші кезеңі аяқталды. Шараға 167 мың шетелдік сатып алушы қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 139-ыншы Кантон жәрмеңкесінің бірінші кезеңі 19 сәуірде Гуанчжоуда аяқталды. Бұл кезеңге 216 ел мен аймақтан барлығы 167 мың шетелдік сатып алушы қатысып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға өсті.

Жәрмеңкеге барлығы 12 мың кәсіпорын қатысты. Олар электронды тұрмыстық техника, өнеркәсіптік өндіріс, жарықтандыру және электр техникасы, металл бұйымдары мен құрал-саймандар, көлік құралдары және екі дөңгелекті көліктер сияқты бес ірі бағытты қамтыды. 123 шетелдік сауда-өнеркәсіп ұйымының топ болып қатысуы өткен жәрмеңкемен салыстырғанда 4,2%-ға артты.

Жәрмеңкеге ұшқышсыз ұшу аппараттары, киетін-тағатын смарт құрылғылар, дисплей технологиялары және ауылшаруашылық ұшқышсыз ұшу аппараттары сияқты арнайы аймақтар қосылды. Жәрмеңкеде AI моделімен жабдықталған ақылды дисплейлер, төтенше суыққа және шөл дала ортасына бейімделе алатын төрт аяқты робот-иттер, сондай-ақ кедергіден жалтару қабілетіне ие ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары сияқты инновациялық өнімдер көпшілікке таныстырылды. Жәрмеңке Қытай өндірісінің жаңа өндіргіш күштерге көшу қуатын дәлелдеп, әлемдік іскер серіктестерге одан да көп ынтымақтастық мүмкіндіктерін көрсете алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото