Қытай-Орталық Азия пойызы (Ухань) 170 000 тоннадан астам жүк тасымалдады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында X9011 Қытай-Орталық Азия пойызы автобөлшектермен, электронды өнімдермен және күнделікті қажетті заттармен толық тиеліп, Хубэй өлкесінің Ухань қаласынан Өзбекстанға аттанды. Бұл Қытай-Орталық Азия (Ухань) пойызы тұрақты жұмыс істегеніне бір жыл уақыт толды. Деректер көрсеткендей, өткен жылы Қытай-Орталық Азия (Ухань) пойызы 188 пойызды жолға салып, шамамен 3,6 миллиард юань құны бар 170 000 тоннадан астам жүк тасымалдады.

Қазіргі уақытта Қытай-Орталық Азия (Ухань) пойызы Қазақстанды қоса алғанда, 9 елдің 48 қаласына барады. Барлық сапар шамамен 12 күнге созылып, пойыздар Хубэй өлкесі мен Орталық Азияның кіндігін тұтастырып жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото