Цифрлы және интеллектуалды өнімдер тұтыну тауарларының ескісін жаңаға ауыстырудағы басты тақырыпқа айналды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінен алынған мәлімет бойынша: Сауда министрлігінің жалпыұлттық тұрмыстық техниканың ескісін жаңаға ауыстыру, цифрлық және интеллектуалды өнімдерді сатып алу туралы ақпараттық жүйе деректеріне сәйкес, 16 сәуірге дейін цифрлық және интеллектуалды өнімдерді сатып алу 42 433 000 данаға жеткен. Сала көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға өскен; сату ауқымы 126,153 миллиард юаньды құрап, 36,4%-ға ұлғайған. Оның ішінде ұялы телефондардың сату үлесі сексен пайыздан асып, «ортадан жоғары деңгейдегілердің көлемі ұлғайып, тұтыну құрылымы оңтайланған» жағдай байқалады.

Биылғы жылдың басынан бастап ұялы телефондар сияқты цифрлық өнімдерді сатып алуды субсидиялау сапасын жақсарту және көлемін кеңейту цифрлық және интеллектуалды өнімдерді сатып алуды субсидиялауға айналды. Алғаш рет интеллектуалды көзілдірік субсидиялау аясына енгізілді. Осылайша байланыс құралдары санатындағы тауарлар бөлшек сауда көлемінің салыстырмалы түрде жылдам өсуіне ықпал етті. Сәуірдің ортасына қарай 16 отандық интеллектуалды көзілдірік бренді жаңа өнім сатып алуды субсидиялау саясатына қатысып, негізгі кәсіпорындардың сату көлемі мен сату сомасының өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 42,4% және 46,8% өсуіне серпін берді.

Тұрмыстық техниканы ескісін жаңаға ауыстыру, цифрлық және интеллектуалды өнімдерді сатып алуды субсидиялау саясатының ықпалымен биылғы қаңтар-наурыз аралығында шекті мөлшерден жоғары деңгейдегі кәсіпорындардың байланыс құралдары санатындағы тауарларының бөлшек сауда көлемі 284 миллиард юаньға жетті. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға өсті. Бұл сол кезеңдегі тұтыну тауарларының жалпы бөлшек сауда көлемінің өсу қарқынынан 18,4 пайыздық тармаққа жоғарылап, 16 санаттағы тауарлар арасында бірінші орынды иеленді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото