Шыңжаңның Ақсу аймағы: цифрлық технология мал шаруашылығының жаңғыруына серпін береді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ақсу аймағы дәстүрлі мал шаруашылығын интеллектуалды бағытта трансформациялау үшін үлкен деректерді пайдалануда. Қазіргі таңда аймақта 16 цифрлық мал шаруашылығы үлгісі құрылып, олар сиыр, қой, ешкі, түйе және құс өсірудің түрлерін қамтыды.

Мысал ретінде Унсу ауданындағы Тяньюань мал шаруашылығын алайық. Бұл шаруашылыққа электронды құлақ таңбалары, интеллектуалды мойыншақ және автоматтандырылған сауу жабдықтары енгізілген. Қызметкерлер ұялы телефон арқылы малдың денсаулығы мен күйіт кезеңін нақты уақыт режимінде бақылап, дәлме-дәл азықтандыруды және ғылыми басқаруды жүзеге асыра алады.

Цифрлық басқарудың арқасында жергілікті шикі сүттің сапасы мемлекеттік стандарттан асып түсті. Шаруашылық жылына 11 мың тонна шикі сиыр сүтін өндіреді. Бұл үлгі саланың тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар маңайдағы ауылдардың ұжымдық кірісін жылына орташа есеппен 1,5 миллион юаньға ұлғайтады. Сөйтіп, кәсіпорынның дамуы мен шаруалар табысының артуы сынды қосарлы жеңіске қол жеткізді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, болашақта үлкен деректер платформасын одан әрі жетілдіріп, цифрлық технологияны көптеген салаларға тарату жалғасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото