- Барлық ақпарат
Биыл Қорғас теміржол бекеті арқылы өткен Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия жүк пойыздарының саны 3 мыңнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 сәуір

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай теміржолының Үрімжі филиалынан алынған мәліметке сәйкес, 21 наурызға дейін биыл Қорғас теміржол бекеті арқылы Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия бағытындағы контейнерлік пойыздардың саны 3000-нан асты, ал тарихи жиынтық көрсеткіш 55 мыңнан асты. Қорғас бекеті арқылы өтетін пойыздардың бағыттары 91-ге жетіп, 18 елдің 46 қаласы мен аймағын қамтиды, тасымалданатын тауар түрлері 200-ден астам.
Шыңжаң теміржол бөлімшесі кедергісіз тасымалды жолға қойып, ақылды кеден құрылысын жүргізіп жатыр. Соңғы 6 жылда кеден арқылы өтетін контейнерлік пойыздардың саны жылына орташа есеппен 10 мыңнан асып отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



