Шыңжаңда 30 керқұлан табиғи жайлымға жіберілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 сәуір

23 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 22 сәуір күні Шыңжаңдағы Қарамайлы тауында тұяқты жануарлардың жабайы табиғи қорығы жаңа мүшелерді қарсы алды. 30 тұяқ керқұлан далаға бейімдеген жаттығулардан өтіп, табиғи жайлымға жіберілді.

Хабарламаларға сәйкес, 2025 жылдың қазан айының соңында 30 тұяқ керқұлан 180 шақырым қашықтықта орналасқан керқұлан өсіру институтынан бақылау станциясына үш топқа бөліп жеткізілген. Қоршалған қораның ішінде олар қысқы қосымша азықтандыру үшін әкелінген жүзден астам басқа керқұландармен үйірлесіп кетті.

Керқұлан — жер шарындағы жалғыз тірі қалған жабайы жылқы тұқымы. Оларға бір кездері жойылып кету қаупі төнген болатын. 1985 жылы еліміз «керқұландардың мекеніне оралу» бағдарламасын іске қосты. Шетелден керқұландар жеткізіліп, Шыңжаңда Азиядағы ең ірі керқұландардың асыл тұқымды базасы құрылды.

2001 жылы 27 керқұлан алғаш рет табиғи жайлымға жіберілгеннен бері Шыңжаңда табиғи жайлымға жіберілген керқұландардың жалпы саны 176-ға жетті. Керқұландар тұрақты түрде өсіп, қазір саны 392 тұяққа жетті.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото