Қытайдан табылған алғашқы Ай метеориті маңызды жаңалықтар ашты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 23 сәуір

«Pakepake005», Қытай геологиялық зерттеу басқармасының суреті

23 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдан табылған алғашқы ай метеориті Айдың екі маңызды геологиялық оқиғасын айқындап, жаңа бір ай минералын ашты.

2026 жылғы Дүниежүзілік Жер күнінде Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Қытай геологиялық зерттеу басқармасы «Pakepake005» атты метеориттің соңғы зерттеу нәтижелерін жариялады. Бұл метеорит 2024 жылы Шыңжаң өңіріндегі Такламакан шөлінен табылып, Халықаралық метеориттану қоғамының атау жөніндегі комитетінің мақұлдауымен «Ай сынықтары брекчиясы» деп аталды. Бұл Қытайдан табылған алғашқы Ай метеориті болып, отандық ғылымдағы осы саладағы олқылықты толтырды.

Бұл метеорит екі маңызды ай геологиялық оқиғасын тіркеген: 3,92 миллиард жыл бұрын болған әйгілі «Жаңбыр теңізі» метеориттік соққы оқиғасы – бұл соққы Айдың беткі құрылысын қайта қалыптастырған; сондай-ақ, 3,49 миллиард жыл бұрын өте төмен титанды базальт магмалық белсенділік болған. Бұл ерекше жанартау атқылауы сол кезде Айдың ішкі бөлігінде жанартау белсенділігі жоғары болғанын дәлелдейді.

Метеорит ішінен сондай-ақ «церий-магний Чанъэ тасы» деп аталатын жаңа минерал табылды. Бұл минерал Халықаралық минералогия қоғамының мақұлдауымен адамзат тапқан он бірінші Ай минералы және Ай метеоритінен табылған Айдың үшінші жаңа минералы болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото