- Барлық ақпарат
Қытай-Орталық Азия сүйек-буын саласындағы ғылыми алмасу және цифрлық оңалту жабдықтарын сыйға тарту рәсімі Бейжіңде өтті

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 21 сәуірде Қытай-Орталық Азия сүйек-буын саласындағы ғылыми алмасу және цифрлық оңалту бойынша жабдықтарды сыйға тарту рәсімі Бейжің университетінің үшінші ауруханасында өтті. Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген ортопедия саласының 20-ға жуық маман ғалымдары шараға қатысып, қытайлық мамандармен бірге сүйек-буын хирургиясы технологиясындағы ең соңғы жаңалықтар мен цифрлық оңалтудағы жаңа жетістіктерді жан-жақты талқылады.
Қырғызстанның «Ұлттық травматология және ортопедия орталығы» құрылысының аяқталуына орай, Бейжің университетінің үшінші ауруханасы өзінің Бейжің Yiyue Technology Co., LTD. компаниясымен бірлесіп әзірлеген қозғалыстық оңалту жабдығын – «цифрлық оңалту бойынша жаттықтыру аспабын» ресми түрде Қырғызстан тарапына тарту етті.
Бейжің университетінің үшінші ауруханасының өкілі Хэ Пэйсиньнің айтуынша, тарту етілген «цифрлық оңалту бойынша жаттықтырушы аспап» ақылды оңалту жүйесі «бағалау – рецепт және жаттығу – жаттықтыру» кезеңін тұтас қамтитын тұйық оңалту басқару жүйесін құрайды. Ол пациенттерге дәл әрі нақты уақыттағы қимылдарды түзету мен оңалту нұсқаулығын ұсынып, «аурухана – орталық – үй» сияқты оңалту кезеңіне қажетті жүйені толық байланыстырады.
people.cn © People's Daily Online



