- Барлық ақпарат
Шыңжаң шекарааралық электрондық коммерцияның қоғамдық қызмет көрсету платформасын іске қосты

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы өзінің шекарааралық электрондық коммерцияның қоғамдық қызмет көрсету платформасының жаңа нұсқасын ресми түрде іске қосты. Платформа жоғары сапалы цифрлық кедендік реттеу және декларациялау қызметтерін ұсынуға бағытталған. Осылайша Қытай кәсіпорындары мен олардың Орталық Азиядағы және жақын аймақтардағы серіктестері арасындағы шекарааралық сауданы оңтайландырады.
Платформаны Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Сауда департаменті мен Үрімжі кедені бірлесіп шығарды. Бұл жаңа платформада кәсіпорындар декларацияны бірнеше арна арқылы тапсыру үшін бір ғана өтінім толтырады және кедендік рәсімдеу туралы жаңартулардан бірнеше секунд ішінде хабардар болады. Бұл кедендеу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, сауда шығындарын азайтатын болады. Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар платформаның кедендік декларациялау қызметтерін тегін пайдалана алады.
people.cn © People's Daily Online



