Қытай-Еуропа(Чунцин)теміржол экспресі бірінші тоқсандағы жүк көлемін сәйкес мезгілмен салыстырғанда 25%-дан астамға арттырды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 сәуір

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 23 сәуір күні Чунциннен автомобиль бөлшектері мен жабдықтары сияқты жүк тиелген Қытай-Еуропа жүк пойызы жолға шықты. Қытай теміржолының Чэнду тобына қарасты Чунцин теміржол логистика орталығының статистикасына сәйкес, Қытай-Еуропа(Чунцин)жүк пойызы осы жылдың бірінші тоқсанында жалпы 200-ден астам пойыз жіберді, оның ішінде 14 000-нан астам теміржол вагондары бар, бұл былтырғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда сәйкесінше 27% және 25%-ға өскенін білдіреді.

Бүгінге дейін Қытай-Еуропа(Чунцин)теміржол экспресі Азия мен Еуропаның 39 еліндегі 118 орталық қалаға дейін кеңейіп, 53 тұрақты және жетілген бағыт құрды. Бастапқыда негізінен ноутбуктерден тұратын жүк тасымалының түрлері қазір он мыңнан астам тауарларға кеңейді. Олар көліктерді, механикалық компоненттерді, күнделікті қолданылатын тауарларды және электронды өнімдерді қамтиды. Осылайша бұл бағыт «Чунцинде жасалған» өнімдерінің әлемдік нарыққа шығуының маңызды арнасына айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото