- Барлық ақпарат
Қаңтар-сәуір аралығында Дулаты шекара бекеті арқылы өткен жолаушылар мен көліктер саны ең жоғары көрсеткішке жетті

24 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 23 сәуірде жел энергетикасының турбина цилиндрін тасымалдаған ірі көліктер тобы Дулаты шекара бекеті арқылы шығып, Қазақстан арқылы Өзбекстанға бағыт алды. Бұл цилиндрлердің бір секциясының ұзындығы 30 метрден асады. Бұлар шектік шамадан асатын ірі габаритті жабдықтар болып табылатындықтан, кедендік тексеруден өтуге жоғары талаптар қойылады. Дулаты кіру-шығу шекара қызметі ірі габаритті жабдықтарды трансшекаралық тасымалдау үшін «жасыл дәліз» ашып, көліктердің кедергісіз өтуіне жағдай жасады.
Дулаты шекара қызметінің статистикасы бойынша, 21 сәуірге дейін шекара бекеті арқылы кіріп-шыққан жолаушылар саны 48 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 47,6%-ға өсті; кіру-шығу автобустары, жүк көліктері, жеке автомашиналар және т.б. көліктердің саны 31 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 40,8%-ға өсті.
people.cn © People's Daily Online



