Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженериясына қатысатын алғашқы шетелдік ғарышкерлер тобы Қытайға оқуға келді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерия басқармасының мәліметіне сәйкес, 24 сәуір күні екі пәкістандық ғарышкер қытайлық әріптестерімен бірге тағылымдамадан өту үшін Қытайдың ғарышкерлер орталығына келді.

Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженериясының алғашқы шетелдің ғарышкерлерінің іріктеу процесі сәуірдің басында аяқталып, нәтижесінде екі пәкістандық үміткер - Мұхаммед Зишан Әли(Muhammad Zeeshan Ali)мен Хуррам Дауд(Khurram Daud)таңдалды. Оқуды аяқтап, қажетті бағалаудан өткеннен кейін, олардың бірі жүк маманы ретінде ғарышқа ұшу миссиясына қатысады, осылайша Қытай ғарыш станциясына кірген алғашқы шетелдік ғарышкер атанбақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото