Яньтай Орталық Азияға алғашқы транзиттік жүк пойызының қызметін бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 сәуір

27 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Яньтай порты арнайы теміржол желісінен алғашқы «Инчхон–Яньтай–Қорғас–Орталық Азия» теңіз-теміржол интермодальды пойыз жолға шықты. Бұл Яньтайдың Орталық Азияға бағытталған алғашқы транзиттік жүк пойызының ресми түрде іске қосылғанын білдіреді.

Бұл контейнерлер Корея Республикасының Инчхон портында Корея-Қытай бағытында жұмыс істейтін «Синь Сянсюэлань» паромына тиеліп, 14 сағаттық теңіз сапарынан кейін Яньтай портына келген болатын. Пойыз енді Қорғас шекарасы арқылы елімізден шығып, Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдеріне жетеді. Бүкіл шекарааралық сапар шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото