Қытайда 29 жеке тұлға мен 30 ұжымға елдің ең жоғары жастар сыйлығы берілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Жастар одағының Орталық комитеті мен Бүкілқытайлық Жастар федерациясы 27 сәуір күні жастар өкілдерінің таңдаулы тобына жастарға арналған елдің ең жоғары сыйлығын — «Қытай жастарының төртінші мамыр медалін» беру туралы шешімін жариялады. Биыл барлығы 29 жеке тұлға мен 30 ұжым өз салаларындағы үлгілі тұлғалар ретінде марапатқа ие болды.

Марапатталғандардың арасында жансақтау дәрігерлері, авиация технологиясы мамандары, партия қызметкерлері, шекара инспекциясының қызметкерлері және физика зерттеушілері сияқты әртүрлі мамандық өкілдері бар.

Ұжымдық марапатқа ие болғандар қатарына Шанхайдың үлкен модельдік инкубаторы, теміржол логистикасы тобы және полярлық экспедиция тобы кірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото