Қытайдың шекара порттары арқылы Қазақстанға жеміс-жидек экспорты 2026 жылдың бірінші тоқсанында бес есеге өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Жеменей кеденінің мәліметтері бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің солтүстік-батысындағы Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан Жеменей-Майқапшағай шекара өткелі арқылы өтетін жеміс-жидек экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 532,5%-ға өсіп, 54,48 миллион юаньға (шамамен 7,97 миллион АҚШ доллары) жетті.

Жергілікті кеден статистикасына сәйкес, бірінші тоқсанда Жеменей-Майқапшағай өткелінде импорт пен экспорттың тұрақты өсу үрдісі байқалды. Сауда құрылымы да әртараптандырылды. Атап айтқанда, осы порт арқылы импортталған ауылшаруашылық өнімдерінің құны 36,51 миллион юаньға жетті. Бұл көрсеткіштің сәйкес мезгілмен салыстырғанда 62,4%-ға өскенін көрсетеді. Негізгі экспорттық тауарларға дәнді дақылдар, майлы дақылдар, мал шаруашылығы өнімдері және басқа да арнайы ауылшаруашылық өнім түрлері кірді.

Кеден ұйымы жеміс-жидек пен көкөністерден басқа, жиһаз бен аксессуарлар, сондай-ақ керамикалық бұйымдар сияқты басқа да тауар экспортының өскенін мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото