Бірінші тоқсанда Қытайдағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдасы 15,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 28 сәуір

28 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Ұлттық статистика бюросының 27 сәуірдегі мәліметі бойынша, биыл бірінші тоқсанда Қытайдың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жалпы пайдасы 1 696,04 миллиард юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Наурыз айында Қытайдағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдасы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 15,8%-ға өсті. Жалпы алғанда, өнеркәсіп экономикасы тұрақты өсіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігі үздіксіз жақсарып келе жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото