Қашқар-Ош тікелей әуе бағыты ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 28 сәуір күні Қытайдың өзі өндірген C909 ұшағы басқаратын EU3055 рейсі Қашқар Лайнин халықаралық әуежайынан Қырғызстанның Ош халықаралық әуежайына бет алды. Осылайша Қашқар-Ош тікелей әуе бағыты ресми түрде ашылды. Бұл C909 ұшағы басқаратын Орталық Азияға бағытталған екінші жоспарланған бағыт. Бағыт экономикалық, сауда және мәдени алмасуларды одан әрі жеңілдетеді деп күтілуде. Рейс әр сейсенбі сайын қатынайды. Ұшу ұзақтығы шамамен бір сағат.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото