Әлемдегі алғашқы 10 800 көлік сиятын тасымалдаушы кеме жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 сәуір

29 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 28 сәуір күні Гуанчжоуда CSSC Guangzhou Shipyard International (GSI) компаниясы мен CSSC Trading компаниясы бірлесіп, Корея республикасының HMM кеме компаниясы үшін жасаған әлемдегі алғашқы 10 800 көлік сиымдылығы бар, жеңіл көлік пен жүк көлігін тасымалдайтын (PCTC) кеме жеткізілді.

Ең көлемді тасымалдау сыйымдылығы бар кемеге 10 800 көлік сияды. Кеме өз санатындағы сыйымдылық бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл еліміздің жоғары деңгейлі кеме жасау мүмкіндіктеріндегі маңызды жетістік болып табылады. Сонымен бірге, әлемдік кеме қатынасы саласының жасыл және төмен көміртекті операцияларға көшу үшін «Қытай шешімін» ұсынады.

Қытай мемлекеттік кеме жасау тобының Шанхай сауда кемелерін жобалау және зерттеу институты (SDARI) жобалаған кеменің жалпы ұзындығы 230 метр, қалыпталған ені 40 метр. Кеме сұйытылған табиғи газбен де, дәстүрлі отынмен де жұмыс істей алатын қос отынды қозғалтқыш жүйесін пайдаланады. Әрі жасыл, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі және қолдану қауіпсіздігі сияқты сипаттамаларға ие.

Кеме 14 көлік палубасымен жобаланған. Бұл электр көліктерін, сутегімен жұмыс істейтін көліктерді және ауыр жүк көліктерін қоса алғанда, әртүрлі көлік түрлерін икемді түрде тиеуге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото