Әлем нарығын мойындатқан Қытай мотоциклдері

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 сәуір

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Чжан Сюэ брендінің мотоциклдері Гуанчжоу халықаралық сауда жәрмеңкесіне (Кантон жәрмеңкесі) алғаш рет шығып, көрмеге қатысушылар мен сатып алушылардың назарына іліккен «жұлдызды» өнімге айналды. Бұл — «Қытайда жасалған» брендтің әлемдік аренадағы кезекті жарқын көрінісі. Ондаған жылдық дамудан кейін Қытай толыққанды және берік негізді мотоцикл өндірістік тізбегін қалыптастырып, электрлендіру, интеллектуалды жүйелер мен жоғары санатқа қарай қарқынды ілгерілеуде. Шағын санаттағы электр мотоциклдерінен бастап, орташа және ірі көлемді жоғары қуатты мотоциклдерге дейін — Қытай көлігі шетел нарығын белсенді түрде игеріп, Латын Америкасы, Африка, Еуропа және тағы басқа аймақтарда қызу сатылуда.

Қытайдың «CFMOTO» бренді Мексикада үлкен сұранысқа ие.

Камбоджаның астанасы Пномпеньде жергілікті тұрғындар Қытай технологиясымен жабдықталған жергілікті «King Kong» электр мотоциклдерін пайдаланады.

2016 жылдан бастап Еуропа нарығына шыққан Қытайдың «Niu Technologies» бренді жоғары өнімділігі, сәнді дизайны мен интеллектуалдық мүмкіндіктерінің арқасында нарықты тез қамтыды.

Лоян қаласындағы «Jin Boshi мотоцикл бөлшектері» компаниясының Угандаға экспорттайтын мотоциклдері танымал өнімге айналды.

«Zhufeng» мотоциклінің үлкен көлемді модельдерін шығаратын цехында автоматтандырылған интеллектуалды құрастыру желісі.

Лаостың астанасы Вьентьян көшелерінде жергілікті тұрғындар Қытайдың «Jixiangshi» электр жеңіл мотоциклдерін мінеді.

2015 жылы Чунциннің «Shineray» мотоцикл компаниясының Бразилияның Пернамбуку штатындағы Суапе порттық индустриялық паркінде орналасқан мотоцикл зауыты іске қосылып, Бразилияда жергілікті өндіріске көшкен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото