139-шы Гуанчжоу халықаралық сауда жәрмеңкесіне 310 мыңнан астам шетелдік сатып алушы қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 мамыр

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 139-шы Гуанчжоу халықаралық сауда жәрмеңкесі 5 мамырда жабылды. 4 мамырға дейінгі жағдай бойынша 220 ел мен аймақтан келген 314 мың шетелдік сатып алушы жәрмеңкеге қатысып, 138-інші жәрмеңкемен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Сонымен қатар 407 ірі сатып алушы компания мен 154 шетелдік сауда-өнеркәсіптік ұйымы топтасып қатысты.

Синьхуа Ақпарат Агенттігінің суреті

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото