1 мамыр кезінде шетелдік туристердің Қытайға саяхаты қарқынды болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 мамыр

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы 1 мамыр демалысы кезінде келген шетелдіктердің саны қарқынды өсті. Онлайн туризм платформасының деректері бойынша, осы демалыс кезінде Шанхай, Бейжің, Гуанчжоу, Шэньчжэнь сияқты негізгі қалалар әдеттегідей шетелдік туристердің басты таңдауы болған.

Сонымен қатар Санья, Цзеян секілді қалаларға келген шетелдік туристер саны былтырмен салыстырғанда 1,1 есеге өскен. Тайюань, Чанчжоу, Куньмин секілді қалалардағы өсім 30 пайыздан асты. Шетелдік туристердің қатары «шағын қалаларды тереңінен тамашалауға» қарай ұлғайып келеді.

Шетелден кіру туризміне арналған қызметтер үнемі толығып, индустриялық тур, білім алу туры сияқты ерекше туристік өнімдер де пайда болуда. Саясат пен қызмет көрсетудің жетілдірілуінің арқасында шетелдік туристердің «Қытайда саяхаттауы» мен «Қытайда сауда жасауы» бұрынғыдан да қолайлы болды.

Хайнань аралында айналма жылдамдық пойызы 12 негізгі қала мен ауданды байланыстырады. Теміржол бөлімі туроператорлармен белсенді түрде ынтымақтасып, шетелдік топтарға билет рәсімдеуді оңтайландырды және көптілді аударма қызметін қосты. Нәтижесінде шетелдік жолаушылардың сапары айтарлықтай артты.

Қазіргі таңда Қытай 50 елге біржақты визасыз режимді қолданады. Ел бойынша 8000-нан астам салықсыз сауда дүкені «сатып алғаннан кейін бірден салықты қайтару» қызметін ұсынады. Саясаттың беретін пайдасы молаюда, туристік өнімдер мен қызмет көрсету толықтай жетілдірілуде. Шетелден келу туризм нарығы туристер ағыны мен тұтынудың қосарлы өсуіне бет алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото