- Барлық ақпарат
Юньнаньның Симэн ауданында жеміс пен көкөністен киім кию мерекесі өтті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 мамыр

7 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 3 мамыр күні Юньнань өлкесінің Симэн Ва автономиялық ауданында ерекше мереке өтті. Жеміс түрлері, асқабақ, жүзім бұталары және жапырақ сияқты табиғи өнімдерден «костюм» киген жергілікті Ва халқы көшелерді аралап, туристерге байырғы мәдени түс алған, керемет қойылым сыйлады.
Мәліметтерге сәйкес, бұрынғы замандарда Ва халқы аң аулаумен күнелткен, аңшы халық. Олар аңдарға жақындау үшін денесіне жапырақ жауып, күйе жағатын болған. Бұл салт біртіндеп «жасырыну өнеріне» айналды. Бүгінде осы ежелгі ғұрып жергілікті мерекелердің қызықты бір түріне айналып, жапырақтармен безену әдет-ғұрпын жаңғыртқан тамаша мейрамға ұласты.









(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



