- Барлық ақпарат
Юньнань өлкесі Мэнляньда мыңдаған адам 20 тоннадан астам балықты тегін аулап алды
8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 5 мамыр күні Юньнань өлкесінде бес күндік Мэнлянь Наюнь қасиетті балық фестивалі аяқталды. Фестиваль кезінде өткен «Қасиетті балық аулау» байқауына он мыңнан астам адам қатысты. Балық аулағандардың ішінде әртүрлі этникалық топтардың жергілікті тұрғындары мен алыстан келген қонақтар болды.
Әртүрлі түрлерден тұратын 20 тоннадан астам балық белгіленген балық аулау аймағына жіберілді. Қатысушылар суға түсіп, балық аулап, қармақшылық кәсіптің рахатын сезініп, аулаған балықтарын тегін алып қайтты.
Қасиетті балық фестивалі Мэнлянь Дай, Лаху және Ва автономиялық ауданындағы ең танымал дәстүрлі халықтық мереке. Ежелгі тілек тілеу аңыздарынан бастау алатын мерекені қазірге дейін жиырма кезек өткізді, мерекенің танымалдығы жыл сайын артып келеді.




people.cn © People's Daily Online



