- Барлық ақпарат
«Алақандай күнқағар» арқылы Иудың нарыққа бейімделгіштігін байқаймыз

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында қол пішінді жаңа күнқағар халықаралық әлеуметтік медиа платформаларында кең тарады. Чжэцзян өлкесінің Иу қаласындағы саудагерлер ерекше жылдамдықпен әрекет етіп, бастапқы дизайннан жаппай өндіріске дейін тек жарты күн ішінде «қос қолымен күнді тосу» және «Орхидея саусағы» стильдеріндегі күнқағарлар сияқты нұсқаларын шығарды.
Иу халықаралық сауда қаласындағы сатушы Чэн Го бейнежазбаны көргеннен кейін 3D басып шығару технологиясын қолдана отырып, түнімен бас киімнің формасын жасап шыққанын айтты. Содан кейін ол әлеуметтік медиа арналарында өнімді жариялап еді, шетелдік сатып алушылардан көптеген сұраныс түсе бастаған. Жергілікті аймақтың жетілген жеткізу тізбектері мен 3D басып шығару мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Чэн Го жаппай өндіріске тез көшіп, ұқсамаған тұтынушылардың әртүрлі талғамдарын қанағаттандыру үшін өнімнің түстері мен стилін тез арада жақсартты.

Чэн Го Иудың басты артықшылығы — шығармашылық тұжырымдамаларды материалдық өнімдерге тез айналдыру, дизайн мен өндірістен бастап сатуға дейінгі әрбір кезеңді біркелкі біріктіру қабілетінде екенін атап өтті.
«Алақандай күнқағардың» қысқа мерзімде жаппай өндіріске шығуы Иу ұсақ тауарлар нарығының жаһандық үрдістерге тез әрі икемді сәйкесе алғанын дәледеді.


people.cn © People's Daily Online



