Қазақстандық өнерпаздар Аомэнь өнер фестиваліне қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 36-ыншы Аомэнь өнер фестивалі 8 мамыр күні кешке Аомэньда ашылды. Жібек жолының тоғыспалы рухын ұстана отырып, биылғы фестиваль Аомэньнің Теңіз Жібек жолындағы маңызды орталық ретіндегі рөлін көрсетіп, көптеген елдер мен аймақтардан келген көркем шығармаларды жиналған жұртшылыққа ұсынды.

Биыл «Қытай мен Қазақстан мәдениетінің тоғыспалы жылы» болғандықтан фестивальге қазақстандық «Бірлік» ән-би ансамблі арнайы шақырылып, ашылу қойылымын қойды. Өнерпаздар Орталық Азия Жібек жолының мәдени сән-салтанатын өздерінің әсем ән, бұралған билерімен көпшілікке көрсетті.

Аомэньнің жергілікті би топтары «Бірлік» ән-би ансамблімен бірге сахнаға шығып, өнер көрсетті. Сонымен қатар фестивальде Қазақстаннан келген «Зуда» би тобы да өнерден шашу шашты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото