Сицзан бөкендерінің жыл сайынғы көші-қоны басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшілердің Саньцзянюань ұлттық саябағының Кэкэсили әкімшілігінен 7 мамыр күні алған мәліметі бойынша, биылғы көші-қонның алғашқы тобында шамамен 160 Сицзан бөкендері қарлы боранға қарамай, Саньцзянюань ұлттық саябағынан Кэкэсилидің кіндігіне қоныс аударды.

Жыл сайын мамыр мен шілде аралығында Цинхай, Сицзан және Шыңжаңнан аналық Сицзан бөкендері төлдеу үшін жүздеген шақырым жол басып, Кэкэсили кіндігіндегі көлдің маңына келіп, төлдейді. Бұл көші-қон «әлемдегі тұяқты жануарлардың ең керемет көшінің» бірі саналады.

Жылдар бойы Саньцзянюань ұлттық саябағының Кэкэсили әкімшілігі Сицзан бөкендері мен олардың мекендейтін экологиялық ортасын қорғау жөніндегі шараларды атқарып, жағдайды оңтайландырып келеді. Қазіргі уақытта Кэкэсилидегі тибет бөкендерінің саны 70 000 тұяқтан асты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото