- Барлық ақпарат
Бірінші тоқсанда Қытайдың қызмет көрсету саудасының жалпы көлемі 2,3%-ға өсті

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сауда министрлігі 8 мамырда жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың қызмет көрсету саудасының жалпы көлемі 1 трлн 822,9 млрд юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті.
Мәліметтер көрсеткендей, бірінші тоқсанда Қытайдың қызмет көрсету экспорты 704,52 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті; импорт 1 трлн 118,38 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеді. Қызмет көрсету саудасының тапшылығы 413,86 млрд юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,15 млрд юаньға қысқарды.
Білім қажеттілігі жоғары қызметтер экспорты жылдам өсуін жалғастырды.
Бірінші тоқсанда білім қажеттілігі жоғары қызметтердің импорты мен экспорты 793,71 млрд юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға өсті. Бұл жалпы қызмет көрсету саудасының 43,5%-ын құрады. Оның ішінде білім қажеттілігі жоғары қызметтердің экспорты 384,26 млрд юань болып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өсті. Жеке мәдениет және ойын-сауық қызметтері мен қаржы қызметтері ең жылдам өсіп, тиісінше 25,6% және 16,1%-ға артты. Білім қажеттілігі жоғары қызметтердің импорты 409,45 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеді.
Саяхат қызметтерінің экспорты және көлік қызметтерінің импорты жылдам өсті.
Бірінші тоқсанда саяхат қызметтерінің экспорты 105,35 млрд юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,3%-ға өсті. Бұл – қызмет экспорты салалары арасындағы ең жоғары өсім көрсеткіші. Көлік-тасымал қызметтерінің импорты 230,21 млрд юаньды құрап, 22,8%-ға өсті. Бұл – қызмет импортының көлемі бойынша алғашқы бес сала ішіндегі ең жылдам өсім.
people.cn © People's Daily Online



