Алашанькоу теміржол бекеті Қытай мен Еуропа, Орталық Азия арасындағы жүк тасымалын жылдамдатуда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 мамыр

9 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 7 мамырда техникалық жабдықтар, автокөлік бөлшектері және электрондық өнімдерге толы пойыз Алашанькоу станциясынан шығып, Польшаның Малашевич станциясына қарай жол тартты. Осымен биыл осы бекет арқылы шекарадан өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының саны 3000-нан асты. Бұл көрсеткішке 2025 жылмен салыстырғанда 19 күн бұрын қол жеткізілді, бұл Қытай мен Еуропа, Орталық Азия арасындағы құрлықтық сауда сұранысының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Алашанькоу бекетінің басқармасының мәліметінше, пойыздардың тәуліктік орташа өту саны 24-ке жетіп, бекеттің жүк тасымалдау және айналым мүмкіндігі айтарлықтай артқан.

Биылдыңекінші тоқсанында Қытайдың теміржол бөлімі Бейжің, Тяньцзинь, Чжанцзякоу секілді қалалардан басталып, Алашанькоу бекеті арқылы шығатын Қытай-Еуропа пойыздарының жаңа бағыттарын қосты, бұл бекеттің теміржол көлік желісін одан әрі кеңейтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото