- Барлық ақпарат
Сәуір айында Қытайдың тауар саудасы импорт-экспортының жалпы құны 14,2%-ға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 мамыр

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Кеден басқармасының 9 мамырда жариялаған мәліметтері бойынша, биылғы жылдың сәуір айында Қытайдың импорты мен экспорты 4,38 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға өсті. Оның ішінде экспорт 9,8%-ға, импорт 20,6%-ға ұлғайған. Өткен аймен салыстырғанда экспорттың өсу қарқыны 10,5 пайыздық тармаққа артты.
Биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қытайдың тауар саудасы импорт-экспортының жалпы құны 16,23 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға өсті. Жалпы өсім қарқыны бірінші тоқсанмен шамалас және биылғы жылдың басынан бергі даму серпінін жалғастыруда.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



